
Алматы облысында өрт қауіпті кезең басталды, жыл басынан Ақсу ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін ашық аумақтарда шөптердің жануымен 4 оқиға тіркелді.
Айтарлықтай, жанулар адамдардың отпен абайсыз болуынан, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға неқұрайлы қарауларынан болады.
Өрескел бұзушылардың арасында – кішкентай алау ешқандай қауіп төндірмейді деп санайтын,бау-бақшашылар.
Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қағидаларының «183» тармағына сәйкес: Алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.
Ақсу ауданының ТЖБ мамандары барлық тұрғындарға хабарлап, тағы да дұрыс қарау мен мұқияттылық, қауіпсіздіктің негізгі шаралары екендігін есекертеді.
Тұрғылықты мекендердегі жер учаскелерінде құрғақ шөп өсімдіктерін жағуда мынашарттарорындалуытиіс:
- құрғақ шөп өсімдігін жағу үшін участок жақын маңдағы объектіден 50 метр қашықтықта орналасуы қажет;
- құрғақ шөп өсімдігін жағу үшін участок аумағының айналасында радиусы 25-30 метрде құрғақ ағаштардан, бұтақ үйінділерінен, кескен қалдықтардан, басқа жанғыш материалдардан тазалануы және ені 1,4 метрден кем емес өртке қарсы минералданған жолақпенбөлінуіқажет;
-алғашқы өрт сөндіру құралдары міндетті түрде болуы қажет;
-жағу тек желсіз күні жіті бақылаумен жүргізілуі қажет.
Ақсу ауданының ТЖБ алаулар жаққаны және шөптерді өртегені үшін жауапкершілікте болатынды және «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 336-бабына: «Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою қағидаларын бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы келесіде шешім қабылдаумен сотқа дейінгі тергеу жүргізудің бірыңғай тізілімінде фактілерді тіркеу жүргізілетіндігін ескертеді.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабына сәйкес абайсызда жасап, ірі залал келтіріп бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру – жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жазаланады.
Өрт сөндірушілердің тағы бір мәселесі, саяжай қоғамдары үйлеріне кіру жолдары болып отыр.
Өрт туралы хабарлама алу мен оқиға орнына келуге дейін көптеген уақыт кетіп, ол кезде үй толығымен жанып кетеді. Өрт сөндіру есептері арнайы техникаларға кедергі келтіретін тар жолдармен, құрылыстармен күресулеріне тура келеді және де қажетті тұрақтар жоқ.
Егерде сіз қараусыз қалған жанған шөп пен алауды байқасаңыз, ең біріншіден 101 қызметіне хабарласыңыз және сөндіру үшін шаралар қолданыңыз.
Тұрғын үйлердің шетінде ӨҚҚ бұзушылықтарымен алаулар жағу, шөптерді өртеу фактілері бойынша өрт қауіпсіздігіне жауап беретін кондоминиумдарға, саяжай қоғамдарында-әкімшілікке хабарласыңыз. Ашық аумақта жануды және қоқыстарды өртеу мен алауларды жағуда кінәлілерді байқаған жағдайда 101 телефонына хабарласыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі