Алакөл жағалауында жоғалған балалар табылды

Алакөл жағалауында жоғалған балалар табылды

2022 жылғы 10 шілдеде сағат 17-58-де Алакөл көлінің жағалауында күнделікті патрульдеу жүргізу кезінде Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына Жетісу облысы Алакөл ауданының Ақши ауылында демалып жатқан 2016 жылы туған баланың Нұр-сұлтан қаласынан демалысқа келген ата-анасымен бірге жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 17-35-те ол Алакөл көлінің жағасында ойнап жүргенде ересектердің көзінен жоғалып кеткені белгілі болды.
Құтқарушылар дереу іздеуді бастады. Іздеу көлдің жағасында көптеген демалушылардың болуымен қиындады.
Іздестіру жұмыстарына алты құтқарушы мен 3 техника, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Ата-анасының орналасқан жерінен шамамен 1,5 шақырым қашықтықта бала тірі және зиянсыз болып табылды. Медициналық көмек қажет емес еді.
Сағат 18-15-те сол жағалаудан 2018 жылы туған қыз табылды, ол сағат 18-05-те. Алакөлдің жағасында, қоғамдық жағажайдың жанында ойнап, үлкендердің назарынан тыс қалған. Құтқарушылар қызды ата-анасының орналасқан жерінен шамамен 400 метр қашықтықта тапты. Медициналық көмек қажет емес еді.
Балалардың ата-аналарымен судағы қауіпсіздік ережелері және су маңындағы кәмелетке толмаған балаларға үнемі назар аудару қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
 


Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі