
2022 жылдың 7 шілде күні сағат 14.50 шамасында Қонаев қ., Қапшағай су қоймасында 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті. Алғашқы ақпаратқа сәйкес С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенті, Үндістан Республикасының азаматы.
Кейін белгілі болғандай, Алматы қаласынан келген студенттер тобы Қапшағай су қоймасының жағажайында шомылып, жағажайдың қоғамдық құтқарушыларының ескертулеріне құлақ аспай, жағалаудан алысқа қарай жүзіп кеткен, бір сәтте студенттердің бірі өз күшін есептемей, басқалардан одан әрі жүзіп, батып кеткен.
Ер адамның денесі ТЖД құтқарушыларымен табылып, судан шығарылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі