Алматы облысында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Алматы облысында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

2022 жылғы 7 шілде күні Алматы облысы ТЖД Дағдарыс орталығында Департамент бастығы полковник Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков ҚР ТЖМ министрі генерал-лейтенант Юрий Викторович Ильинді азаматтық қорғау департаменті бастығының жаңа орынбасары Рау Александр Петровичті жеке құрамға таныстырды. Бұған дейін Александр Рау Алматы қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Астана күнін мерекелеуге байланысты:

  • «төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы ерекшелігі үшін» медалімен-Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау капитаны Исаев Дәурен Нұрғалиұлы;
  • «азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен - Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Ринат Қайратұлы Нұрғалиев марапатталды.
  • ҚР ТЖМ грамотасымен - Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №25 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Ернат Жолдыбекұлы Қағазбаев;
  • ҚР ТЖМ алғыс хатымен - Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші - құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Талғат Азамат Талғатұлы және Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Еміл Алмас Нұртайұлы марапатталды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі