
2022 жылғы 6 шілде күні сағат 21:40-та Алматы облысының ТЖД-не 6 шілде күні кешкі сағат 19.30 шамасында Алматы облысының Талғар ауданында Талғар өзенінде (Орта Талғар және Оң Талғар өзендерінің қосылуы), ағаш көпірден өту кезінде (арқан сүйеніштер, ұзындығы 8 м., ені 30 см.), 1982 ж.т. азаматша тепе-теңдігін жоғалтып, өзенге құлап, оны ағыммен алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Іздестіру жұмыстарын Алматы облысының ТЖД қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, Алматы Мемлекеттік табиғи қорығының, Іле-Алатау МҰТП қызметкерлері және еріктілер жүргізді.
7 шілде күні сағат 12.15-те Талғар өзенінде, құлаған жерден 10 шақырым жерде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылып, судан шығарылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан таулы аймаққа жорық кезінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі