Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында шағын футболдан турнир өткізілді

Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында шағын футболдан турнир өткізілді

         Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ҚР ҰҚК-нің 30 жылдығына орай шағын футболдан турнир өткізді. Турнирге Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында 8 команда қатысты.

          Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының командасы III-орынды, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы II-орынды иеленді. Турнирдің жеңімпазы Алматы облысы полиция департаментінің командасы болды.

          Жеңімпаздар сыйлықтармен, кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Соңында Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы барлық қатысушыларды жеңісімен және ҚР ҰҚК-нің 30 жылдығымен құттықтап, денсаулық, сәттілік және еңбекте табыс тіледі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі