Судағы қауіпсіздік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Судағы қауіпсіздік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат

1 маусымда Алматы және Жетісу облыстарының аумағында ресми түрде шомылу маусымы басталды. Өңір аумағында қолайлы ауа райына байланысты өңірімізде мамыр айынан бастап адамдар суға шомыла бастайтындығын және шомылу қазан айына дейін жалғасатындығын айта кету керек. 2022 жылдың басынан 2022 жылдың 27 маусымына дейін Алматы және Жетісу облыстарының су айдындарында 14 адам қаза тапты, оның ішінде 3-бала, барлық оқиға  адамдарға суға шомылуға болмайтын (тыйым салынған) жерлерде болды. Шомылу маусымы кезінде 7 адам қаза тапты, оның ішінде 2- бала. 2021 жылдың осы кезеңінде өңірдің су айдындарында 19 адам қаза тапты, оның ішінде 3- бала, сондай-ақ  барлық оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған орындарда болды.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлік ұйымдармен және полиция департаментімен бірлесіп адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. 2022 жылғы шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, оның орындалуы ТЖД бақылауында. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда 2022 жылғы шомылу маусымына дайындық мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық қалалар мен аудандардың әкімдеріне және облыстың мүдделі қызметтеріне азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Жоғарыда аталған кеңестерде берілген тапсырмаларды іске асыру барысында, сондай-ақ Төтенше жағдайлар Министрлігінің тапсырмасы бойынша жыл басынан ТЖД және ЖАО күштері су айдындарының жағалау сызығын зерделеу бойынша жұмыстар жүргізді. Мониторинг қорытындысы бойынша облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 140 қауіпті учаске анықталды, аталған жерлерде оларды шомылуға пайдалануға жол бермеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Демалыс базалары мен балалар лагерлері орналасқан су айдыны учаскесінің түбін тексеру және тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні 105 жағажай тексерілді.

Мамыр айынан бастап ТЖД Жедел-құтқару жасақтары базасында 70 жасақ - құтқарушы оқытылып, тиісті сертификаттар алды. ТЖД қызметкерлері бүгінгі таңда облыстың тұрақты мекемелердің хауыздарында  5700 баланы жүзуге үйретті. Бұл жұмыс Білім басқармасымен тығыз байланыста жүргізіледі. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда судағы жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі, белсенді профилактикалық жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және судағы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын сақтау бойынша ұйымдастырылған.

Бүгінгі күні ТЖ департаменті полиция қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп 2905 рейд және патрульдеу жүргізді, халық арасында 21 мың 893 дана үгіт-насихат құралдарын (буклеттер, парақшалар) таратты. Облыстың су қоймалары бойынша ЖПҚ-мен бірлескен рейдтер нәтижесінде ӘҚБтК-нің 440 "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" және 364 "ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" баптары бойынша 1006 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 9 млн.759 мың 695 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар күшейтілген режимде өтуде.

Алдын алу шараларын өткізу үшін 30 мың дана үгіт-насихат материалдары дайындалды. Қосымша жергілікті бюджеттен 50 мыңнан астам үгіт-насихат материалдарын сатып алуға 2 млн. 240 мың теңге бөлінді (брошюралар - 56000, баннерлер- 10).

"Тұран ТВ", "Жетісу" телеарналарында  азаматтарды түрлі ТЖ кезінде қауіпсіз жүріс-тұрысқа оқыту бойынша телебағдарламаларды дайындау және оларды трансляциялау үшін, "Тұран ТВ" телекомпаниясымен жалпы сомасы 13 млн 440 мың теңгеге жылдық шарт жасалды.ТЖД Жедел-құтқару жасағымен су айдындарындағы оқиғаларға жедел әрекет жасау үшін 40 жүзу құралы (2 катер, 13 ескекті және 25 металл қайық), 45 бірлік сүңгуір жабдығы мен жарақ, құтқару құралдары (құтқару шеңберлері мен кеудешелері, "Александров жібі") дербес жұмысты қамтамасыз ету үшін 14 тәулікке жанар-жағармай материалдары ,азық-түлік қоры құрылды.

Жедел әрекет ету және суда адамдардың қаза болуын болдырмау үшін Департаменттің құтқару бөлімшелері қосымша 5 мобильді кезекшілік бекетін  (Талдықорған қ.-1, Қонаев қ.-2, Алакөл ауданы-1, Сарқан ауданы-1), қауіпті және шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерде, апатты жағажайларда   жергілікті атқарушы органдардан  6 мобильді  және  15  объектілі бекеттің кезекшілігі ұйымдастырылды,  сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін коммуналдық жағажайларда 5 Қоғамдық қауіпсіздік бекеті және 6 медициналық пункт құрылды.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №617 қаулысына шомылу үшін рұқсат етілген орындарды 11-ден 105-ке дейін ұлғайтуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта құжат мүдделі органдармен келісу сатысында тұр.

Сондай-ақ, бассейндер жасанды су қоймаларына жатпайтынына қарамастан, бассейндерде адамдардың (балалардың) қаза болуына жол бермеу мақсатында аумағында бассейндері бар бұқаралық демалыс орындарының иелері үшін Департамент суда (бассейнде) негізгі қауіпсіздік шараларын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірледі.

Сонымен қатар, Алматы мен Жетісу облыстары 2 млн.астам халқы бар және суы көп (257 ірі су айдыны, оның ішінде 6 көл, 58 өзен, 76 су қоймасы және 117 тоған орналасқан) ең сулы өңір болып табылады. Сондай – ақ, Қапшағай су қоймасынан 70 км қашықтықта Республиканың ең көп қоныстанған мегополисі-Алматы қаласы орналасқан. Осыған байланысты, жазда су айдындарының жағалауларында жергілікті тұрғындар да, келуші туристер де көп. Шомылу маусымында облыстың су айдындарындағы демалыс аймақтарына келушілер саны үш миллионнан астам адамға жетеді.

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы су айдындарындағы жүріс-тұрыс қауіпсіздігінің негізгі шаралары белсенді түрде жеткізілуде.

Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- шомылу үшін арнайы бөлінген орындарды таңдау қажет.

- жағалаудан алыс емес жерде, қауіпсіз аймақтың шекарасын белгілейтін қалтқы белгіден тыс жүзбеңіз;

- сіз бейтаныс жерлерде суға түспеңіз, себебі су түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да құрылыстардан суға секірмеу керек;

 

- кемелерге, қайықтарға (моторлы, желкенді), баржаларға жақын жүзбеңіз;

- сулы-батпақты жерлерде және балдырлы немесе балшықты бар жерлерде шомылуға болмайды;

- суға кіруге және мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынады;

– ешбір жағдайда үрлемелі матрастармен автомобиль камераларымен үрлемелі ойыншықтар мен жүзбеңіз - қолда бар құрал ақаулы болуы мүмкін, жыртылуы мүмкін, содан адам кенеттен суда қалады, ал бұл жақсы жүзе білетіндер үшін де өте қауіпті. Сонымен қатар, тіпті әлсіз жел оларды жағадан алысқа алып кетеді;

- дауылды ауа райында немесе қатты соқпа толқын кезінде шомылуға болмайды;

- егер сіз күшті ағыса бар суда болсаңыз, ағысқа қарай жүзуге тырыспаңыз, онымен күресуге күш жетпейді; бұл жағдайда сіз ағынмен жүзуіңіз керек, бірақ біртіндеп жағаға жақындаңыз.

- егер сіз иірімге түсіп кетсеңіз, алаңдамаңыз, көбірек ауа жинаңыз, суға түсіп, одан күрт шетке бұрылуға тырысыңыз;

- жалған дабыл беруге болмайды;

- егер сіздің еттеріңіз құрысатын бұлшық еттердің қысылуы болса, арқаға жатып, жағаға қарай жүзіңіз, бұлшық еттеріңізді ысқылауға тырысыңыз, бірақ ең жақсысы – өзіңізбен бірге "ағылшын" түйреуіші болған жақсы, тіпті оның бір шаншуы өмірді сақтап қалады.

 

 

 

         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі