Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      Ыстық күндердің басталуымен қаланың жүздеген тұрғындары демалыс күндері суға жақындайды. Сонымен қатар, су үнемі адамдардың өмірін алып кетеді. Адам өлімінің өсуі шомылу кезеңінде орын алады. Жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі жұмыс аптасының соңында, демалыс және мереке күндері су айдындарында, шомылуға жабдықталмаған жерлерде тіркеледі. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде шомылу, суда өткізудің қарапайым ережелерін сақтамау, алкогольдік масаң күйде шомылу болып табылады. Балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың көпшілігі ересектердің қарауынсыз суға шомылу салдарынан болады.

     Төтенше жағдайлар Дератаментінің қызметкерлерімен халық арасында жазатайым оқиғаларды болдырмау және алдын алу мақсатында іс шаралары жургызылды.

     Көптеген апаттардың алдын алуға болады, бірақ кейбір қарапайым шараларды қолдану арқылы. Ең бастысы – жүзу кезінде алкогольден бас тарту және шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылмау.. Балалар лагерьлерге, туристік жорықтарға, пикникке бармас бұрын, ересектер балаларды су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыруы керек.

     Төтенше жағдай туындаган жағдайда дереу 101 немесе 112 қызметіне хабарлау қажет!

 

Жетысу облысы ТЖД баспасөз-қызметі