Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 28 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 29 маусым күні Жетісу облысының таулы аудандарында 35-39 градусқа дейінгі қатты ыстық және күн күркіреуі күтіледі. Оңтүстік-шығыстан желі соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сонымен қатар, Алакөл көлдерінің маңында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД мүмкіндігінше үйден шықпауларыңызды сұрайды. Жылудан зақымданған жағдайда дереу көлеңкеге барыңыз, салқындаңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты жылу кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.
Алматы облысының ТЖД  азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі