Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде семинар-сабақ өткізілді

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде семинар-сабақ өткізілді

ҚР ТЖМ 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармақшасын орындау мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті  «Қызметкерлер арасында суицидтік іс әрекетке жол бермеу және оны болдырмаудың жолдары» тақырыбында Департаменттің дағдарыс орталығында маусым айының 24 күні психологиялық  дайындық сабағы ұйымдастырылып, өткізілді. Бейнеконференц байланыс құралы арқылы  Департаменттің аудандық, ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері қатысты.

Қазақстан Республикасы Алматы облысы Мұсылмандар одағы басқармасының және Алматы облыстық психоневрологиялық диспансерінің өкілдері тиісті тақырыпта сабақ өткізді.

Семинар соңында тиісті тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.

 

 

Алматы облысы ТЖД

Психологиялық қызмет тобы