
Дауылды алдын ала ескерту
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 22 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 23-24 маусымда Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында, Іле Алатауда кей уақытта жауын, найзағай түсуі, бұршақ, нөсер күтіледі. Облыстардың орталық және шығыс аймақтарында 36 градус ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД үйде қалуды сұрайды. Жылудан зақымданған кезде дереу көлеңкеге барыңыз, салқындатыңыз, су ішіңіз. Есіңізде болсын, қатты жылу кезінде табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады.Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі