Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасының президентінің алғыс хатымен марапатталды
Облыс аумағында 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізілді.Осыған орай,референдумды ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысқаны үшін, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Талдықорған қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Алтынбеков Қанат Дүйсенбекұлы, Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлім бастығы азаматтық қорғау майоры Канин Константин Леонидович Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі