Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 14 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 15 маусымда Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.Талдықорған қаласында күндіз 15 маусымда  найзағай күтіледі.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі