
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 13 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 14 маусымда түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м / с жетеді.
Талдықорған: 13 маусымда түнде кей жерлерде найзағай күтіледі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз " Дәрмен "тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі