Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 12 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 13 маусым күні Алматы облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі,дауылды жел соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі