Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 11 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 12-13 маусым күні Алматы облысының шығысында,  таулы және тау бөктеріндегі аудандарда  жаңбыр, бұршақ жаууы,  дауылды жел соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Сонымен қатар тау бөктеріндегі жауын жиыны жиналуы, және өзен арналырының суының көтерілу күтілуде. Оңтүстік-батыстын жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі