Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

                                                     Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 10 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 11-13 маусым күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, Іле және Жетісу Алатауда қатты жауын, найзағай түсуі, кей жерлерде бұршақ, нөсер күтіледі.  Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа, оңтүстік –бастыстан солтүстік-батысқа ауысады, желдің екпіні 25 м/с  жетеді.

               Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

 

                                          Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі