
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін террористік қатерлер мен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеке құрамды даярлау, сондай-ақ атыс қаруын қолдану бойынша психологиялық сабақтарын ұйымдастыру мақсатында, 2022 жылғы 10 маусымда Департаменттің дағдарыс орталығында, тиісті тақырыпта семинар-кеңесі өткізілді. Бейнеконференц байланыс құралы арқылы сондай-ақ Департаменттің аудандық, ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері қатысты.
Қазақстан Республикасы Алматы облысы Дін істері басқармасының және Алматы облысы Полиция департаментінің Экстремизимге қарсы іс-қимыл басқарамсының өкілдері, сонымен қатар Алматы облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының өкілдері практикалық дәріспен көрсетті.
Семинар соңында тиісті тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД
Психологиялық қызмет тобы