
2022 жылғы 8 маусымда Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасымен бірлесіп, "мемлекеттік қызметшілер күні" мерекесі қарсаңында Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында XIV спартакиада өткізді. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және оң имиджін қалыптастыру мақсатында жарыстарға қатысып, Алматы облысы Мемлекеттік қызметшілерінің XIV жазғы спартакиадасының жүлдегерлері атанып, жалпы командалық 3-орынға ие болды.
Қазақша күрес бойынша Даутбек Азамат Нурланұлы 2 орын, Рахымбаев Асқар Мергазыұлы 3 орын алды. Тоғызқұмалақтан Нүсіпов Жасұлан, Оразғалиева әдемі және Құмарбекова Айнура жалпы командалық 2 орын алды. Волейболдан Алматы облысы ТЖД командасы 3 орын алды.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі