Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ қызметкерлері демалыс кезінде аттракциондарда балалардың қаза болуын және жарақат алуын болдырмау мақсатында ақпараттық хаттар мен жадынамалар табыстай отырып, қызмет көрсететін саябақтар мен ұйымдардың әкімшілігімен алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Балаларды батутта қараусыз қалдыруға болмайды. Бұл ереже міндетті болып табылады және кез – келген батутқа - үрленетін де, секіретін де, сыртқы және ішкі торы бар батутқа қатысты. Балалар тек ересектердің бақылауымен секіруі керек.
Батутты тек берік тегіс жерге орнатуға рұқсат етіледі. Спорттық жабдықты құмға немесе қиыршық тастарға, борпылдақ жерге орнатуға болмайды. Сонымен қатар, көшеде орналастыру кезінде ауыр жарақаттарды болдырмау үшін құрылымды бетонға немесе асфальтқа орнатпау қажет. Егер орнатуға басқа орын болмаса, онда батуттың айналасында төсеніштерді төсеу керек.
Секіруге арналған батуттарды жылыту аспаптарының, электр жабдықтарының жанында орнатуға тыйым салынады. Сондай – ақ, құрылымдарды ашық от көздерінің жанында орнатуға жол берілмейді-мысалы, гриль, мангалдардың жанына.
Секіру алдында сіз барлық бекітпелердің сенімділігіне, барлық элементтердің дұрыстығына көз жеткізуіңіз керек. Қорғау торларының, секіру төсемінің, маттарды, серіппелерді, болт қосындыларын рамаларының зақымдануы болмау қажет . Батуттың астында бөгде заттар, үй жануарлары жоқ екеніне көз жеткізіңіздер.