Алматы облысы ТЖД қызметкерлері " Суда абай болыңыздар!» акциясын өткізді

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері " Суда абай болыңыздар!» акциясын өткізді

2022 жылдың 02 маусымында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖ» ММ Жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары мен «Талдықорған орталық бассейні» ССТОМБЖСМ мекемесінде спорт мектебінің оқушылары үшін «Суда абай бол!» акциясы өтті.

Шара барысында судағы қауіпсіздік ережелері талқыланып, суға батып бара жатқан адамды құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету көрсетілімі де өткізілді. Құтқарушылар қаланың жалпы білім беретін мектептерінің балаларына суда шомылу кезінде өзін қалай ұстау керектігін тәжірибе жүзінде көрсетіп, үйретті. Акцияға қатысушыларға «Судағы қауіпсіздік!» тақырыбында 400 дана көлемінде кітапшалар мен жадынамалар  таратылды. Оқушылардың саны 400 баланы құрады.

Балалар өздері үшін ұйымдастырылған іс-шараға риза болды, олар көптеген пайдалы ақпарат алды.

Бұл шара республикалық «Тұран ТВ» және облыстық «Жетісу» телеарнасының «Өмірді құтқар» телебағдарламасында көрсетіледі.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі