
Балалардың мүдделерін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарын бірі.
Ағымдағы жылы балалар жылының өткізілуіне байланысты Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі әр түрлі іс-шаралар өткізеді, олар болашақ ұрпақ үшін ең жақсы жағдайға қол жеткізу жөніндегі мемлекет саясатының жалғасы болып табылады. Мысалы, Талғар ауданының ТЖБ белсенді жасөспірімдердің және балаларын волонтерлікке байланысты іс-шараларға тартады, жадынамаларды таратуды, конференциялар мен семинарлар, флешмобтар мен түрлі акциялар өткізу.
"Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясы шеңберінде, Талғар аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері орта мектептердің 25 мамыр салтанатты жиындарға қатысу барысында, "Қауіпсіздік балалар көзімен" суреттер байқауына қатысқан оқушыларын марапаттап, ТЖБ профилактикалық қызметіне белсенді қатысқаны үшін жас құтқарушылар санынан жоғары сынып оқушыларына алғыс хаттармен марапатталды.
Оқу жылы барысында ауданның орта мектептері арасында суреттер конкурстар өткізілді, өрт қауіпсіздігі бойынша викториналар, экскурсиялар, Ашық есік күндер мен ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары арасында жас құтқарушылар конкурстары, сондай-ақ "Лидер.kz" еріктілер қозғалысына орта мектептердің 10-11 сынып оқушыларынан жастар қанаты құрылды. Сондай-ақ, "ТЖ еріктісі" байқауы жарияланды, ол 10 сынып оқушылары арасында азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі саласында үгіт және профилактикалық іс-шараларға жасөспірімдердің белсенді қатысуын қамтыды. Осы конкурстардың қорытындысы бойынша, бастауыш сынып оқушылары арасында Таубасар Зере жеңімпаз атанды және грамота алды, ал жоғары сыныптар арасында Талғар ауданы ТЖБ қызметіне ең белсенді қатысқан оқушы Скали Айназ ТЖ еріктісінің ретінде алғыс хаты мен кеудешесімен марапатталды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі