БІЗ ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҮШІН!

БІЗ ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҮШІН!

2022 жылдың 1 маусымында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай "Қауіпсіз балалық шақ" акциясын өткізді. Акцияны өткізу орны ретінде облыс орталығында Талдықорған қаласының қалалық «Жастар» саябағы таңдалды. Іс-шара барысында балалар мен ересектерге өрт және құтқару техникаларын көрсету ұйымдастырылды, балалармен және олардың ата-аналарымен өрт қауіпсіздігі ережелері және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша әңгімелер жүргізілді.

Сонымен қатар, балалар шығармашылығы мен дарынын дамытуға бағытталған асфальтта сурет салу конкурсы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған конкурсқа қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталып, олар грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.

Осындай іс-шаралар бүкіл Алматы облысында өткізілді.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ешбір жағдайда балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі