Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 1 маусымдағы дауылды ескертуінің негізінде 2 -3 маусым күндері Алматы облысының Іле және Жетісу Алатауы тауларында, сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, дауылды жел соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі, өткінші қатты жауын жаууы, биік таулы жауын-шашынның түсуі (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік шығысқа ауысатын желдің екпіні 27 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі