Менің бақытты балалық шағым

Менің бақытты балалық шағым

    Жарияланған балалар жылы және балаларды қорғау күнін мерекелеу   шеңберінде    ТЖД балалары арасында «Менің бақытты балалық шағым» сурет конкурсы            өткізілді

Жеткіншек ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында, 2022 жылғы 31 мамырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің азаматтық қорғау қызметкерлерінің балалары арасында «Менің бақытты балалық шағым» сурет конкурсы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған конкурсқа қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталып, олар грамоталармен, сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы №1 Мамандандырылған Өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлердің балаларына арналған «ашық есік күні» өткізілді. Ата-анасының жұмысымен танысқан балалардың қуанышына орай, балаларға тәттілер мен сыйлықтар сыйланды.

 Алматы облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасы