
Дауылды алдын ала ескерту
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 31 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 1 маусым күні Алматы облысының шығыс, солтүстік, тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан, облыстың шығысында желдің екпіні 27 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі