Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

         Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 30 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 31 мамыр күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, Іле және Жетісу Алатауда қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан, облыстың оңтүстігінде және таулы аймағында  желдің екпіні 17-22 м/с, шығысында 24-29 м/с жетеді.Сонымен қатар, 31мамырдан 2 маусым  аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында өзен суларының көтерілуі және беткей ағынның қалыптасуы күтілуде.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

         Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі