Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 27 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 28 мамыр күні Алматы облысының оңтүстігі мен тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі.Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймағында  Батыстан, солтүстік- бастыстан жел соғады, желдің екпіні 17-22 м/с, 24-29 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
      Талдықорған қ.: 28 мамыр күні күндіз найзағай түсуі күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі