"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 26 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 28 мамыр күні Іле және Жетісу Алатауында қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстын жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с , 28 мамыр 25 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі