
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 26 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 27 мамыр күні Алматы облысының таулы аудандарында күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Батыстын жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ Алматы облысында температура 35 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі