
Тыңдаушылардың санын ұлғайту, азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының кәсіби даярлығын дамыту және зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды.
Меморандум орталық офис, сондай-ақ МБА-ның аумақтық бөлімшелері базасында түрлі дәрежедегі басшыларды даярлау саласында бірлескен жұмысты ұйымдастыруды және жүргізуді көздейді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті осы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жыл бойы тыңдаушылар санаты үшін бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді:
- мемлекеттік қызметшілердің басшы құрамы үшін;
- басшылық қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер үшін.
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының базасында облыстың азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының басшы құрамы үшін үйрету сабағы өткізілді.
Сабақ барысында тыңдаушыларға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері мен қағидаттары, өрт қауіпсіздігінің талаптары және жалпы азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және орындау мәселелері түсіндірілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі