Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 13 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 14-15 мамыр күндері Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда, сонымен қатар Жетісу және Іле Алатауы тауларында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауылды жел және күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі