Алматы облысының Текелі қаласында көшкін болды

Алматы облысының Текелі қаласында көшкін болды

2022 жылғы 15 мамыр күні сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр балшық массасы) балшықты тасқын болды.

Нәтижесінде, бір жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшық массасының астында қалды, төрт тұрғын үйлердің аула аумағы ішінара балшық массасының астында қалды және Қонаев көшесін жауып тастады.  Алматы облысы ТЖД «Багира» атты қызметтік итімен 2016 ж. т. қыздың денесі үйінді астынан табылды.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығының басшылығымен төтенше жағдайды жою жөніндегі штаб ұйымдастырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына және ТЖ салдарын жоюға ТЖД (81 қызметкер және 16 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп), ЖАО (30 қызметкер және 6 бірлік техника, оның ішінде 2 тиегіш, 4 Камаз, 1 Кран), ТЖМ Қазселденқорғау (9 қызметкер, 4 бірлік техника) жұмылдырылды. АПБ( 40 қызметкер, 7 бірлік техника), ЖМЖБ (үш жедел жәрдем кареталары).

ТЖД ұшқышсыз ұшу аппаратында орнатылған тепловизордың көмегімен ТЖ орнында аэровизуалды ұшу жүргізілді.

Алматы облысының ТЖД жедел желі жұмысын бастады (тел.8 (7282)220218, 220213), оқиға орнында психологиялық қызмет жұмысы ұйымдастырылды.

Алдын ала себептері:

- 15 мамыр күні сағат 01.30-дан 13.00-ге дейін жаңбыр түрінде өткен жауын-шашын;

- зақымдалған су құбырының нәтижесінде топырақтың батпақтануы.

16 мамыр күніндегі жағдай бойынша Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылып, 750 текше метр балшық қалдықтары шығарылды (68 рейс). Қазіргі уақытта Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ТЖД (8 қызметкер және 3 бірлік техника), АПБ (6 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖАО (20 қызметкер және 10 бірлік техника), Қазселденқорғау (16 қызметкер және 8 бірлік техника, оның ішінде 3 самосвал), ҚР ТЖМ  28237 ә/б (100 адам және 7 бірлік техника).

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі