"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 9 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 10-11 мамыр күндері Алматы облысының Іле және Жетісу Алатауы тауларында кейде қатты жаңбыр жаууы, бұршақ түсуі, дауылды боран соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі