
6 мамыр күні Алматы облысының ТЖД-не 1 мамыр күні сағат 10:00-де Ескелді ауданының тауларына кеткен 1975 жылы туған ер адам осы уақытқа дейін оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына аттанды.
Сағат 12:30-да Чажа өзені бойындағы таулы жерде ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен (6 құтқарушы, 1 бірлік техника және 1 кинологиялық есеп) және еріктілермен бірге (3 адам және 1 бірлік техника) аталған азамат аман-есен табылды.
Арнайы құралдырдың көмегімен ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары. ер адамды Чажа өзені арқылы өткізу жұмыстарын және медициналық қызмет қызметкерлеріне беру бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Оның жағдайы тұрақты, аман-есен.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нен (16 қызметкер, 3 бірлік техника және 1 кинологиялық есеп), аудандық полиция бөлімінен (7 қызметкер және 2 бірлік техника), еріктілер (3 адам және 1 бірлік техника) шықты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі