Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында азаматтардың демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында азаматтардың демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері полиция, орман шаруашылығы және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп «Қауіпсіз демалыс» акциясы аясында адамдардың демалыс орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шара судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және санын азайту, сонымен қатар табиғатта демалу кезіндегі өрттердің алдын алу мақсатында өткізілді.

Осыған ұқсас іс-шаралар бүкіл Алматы облысының аумағында өткізіледі. Облыстық рейдке ТЖД аппаратының, Талдықорған қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, орман шаруашылығының ат патрульдері, ЖПҚ және Талдықорған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері, «Lider.kz» және үкіметтік емес «Красный полумесяц» ұйымдарынан волонтерлік қозғалыс еріктілері қатысты. Облыс орталығы тұрғындарының сүйікті демалыс орындары Қаратал, Балықты өзендерінің жағалауларында, «Дубки» демалыс аймағы, Талдықорған орман шаруашылығы, «Мерекелик» саяжай қоғамы мен «Көктал» шағын ауданының маңында болып табылады. Іс-шара барысында демалушылармен су маңындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен табиғаттағы өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша әңгімелер жүргізіліліп, жадынамалар таратылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан суда және табиғатта барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды, әрдайым сақ болуды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі