Алматы облысының ТЖД-де Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алматы облысының ТЖД-де Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Отан қорғаушылар күніне орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай 2022 жылғы 6 мамырда Алматы облысы ТЖД барлық салтанатты іс-шара өткізілді.

Департамент бастығы Асқар Тасболатұлы Тойчубеков ҚР ТЖМ басшылығы атынан және өз атынан азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен гарнизонның жеке құрамын келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтады.

Іс-шара барысында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді қатысқаны үшін ТЖ департаментінің ардагері В.И. Андреев «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагері» медаліне ие болды.

Маңыздылығы бойынша өте зор екі мереке - ерліктері әрқашан шабыттандыратын және Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың жақсы үлгісі болып табылатын біздің батырларымызға құрмет!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі