«Ең үздік үгіт-насихат бейнеролигі» байқауының қорытындысы шығарылды

«Ең үздік үгіт-насихат бейнеролигі» байқауының қорытындысы шығарылды

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейту  мақсатында 2022 жылғы  20-26 сәуір аралығында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері арасында «Таңдау жаса және Академияға оқуға түс» тақырыбында әзірленген «Ең үздік үгіт-насихат бейнеролигі» байқауы өткізілді.

Аумақтық бөлімшелер жалпы саны 19 бейнеролик ұсынды. Олардың ішінен әзірленген бейнематериалдардың сапасы мен мазмұнына қарай конкурсқа қатысуға тек 7 бейнеролик іріктеліп алынды.

Әлеуметтік желілердің оқырмандары арасында ең көп лайк және қаралым жинаған бейнеролик үздік болып танылды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы ТЖД, екінші орынды Алматы қаласы ТЖД және үшінші орынды Шығыс Қазақстан облысы ТЖД иеленді.   

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі