Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 2 мамырдағы дауылды ескертуінің негізінде 3-5 мамыр күндері Алматы облысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауылдың соғуы және күн күркіреп, найзағай түсу қатері күтіледі. Оңтүстік-шығыстан ауысқан солтүстік-шығыстан жел соғуы күтіледі, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі