Мемлекет күші халықтың бірлігінде

Мемлекет күші халықтың бірлігінде

        Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы                      30 желтоқсандағы №615 бұйрығымен бекітілген 2022 жылға арналған азаматтық қорғау органдарындағы идеологиялық жұмыс жоспарының 7 тармағын орындау үшін, сондай-ақ қызметкерлерді толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында, 2022 жылғы 29 сәуірде Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы - этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің бас маманы Әбілқайыр Әбенұлы Ораловтың қатысуымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен «Қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді.

          Өзінің баяндамасында Ә.Ә Оралов Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін жалпы тарих және тарихи естелік негізінде қоғамдық сананы, қазақстандық сәйкестік пен бірлікті күшейтіп, дамытуға, Қазақстандағы жүргізілетін бейбітшілік пен келісім саясатын қолдауға шақырды.

 

Алматы облысы ТЖД

Кадр саясаты басқармасы