
"Қазгидромет" РМК-ның 2022 жылғы 27 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 28 сәуір күні Алматы облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан жел күтіледі, желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі