Жас құтқарушылар клубтары арасында жарыстар өткізілді

Жас құтқарушылар клубтары арасында жарыстар өткізілді

Талғар ауданының ТЖБ және Талғар қаласының МӨСБ-2 қызметкерлерімен ауданның орта мектептері арасында жас құтқарушылар клубтары арасаында жарыстар өткізілді. Жарысқа ауданның  5  мектебінің жас құтқарушылары қатысты. Жарыс 4 кезеңде өтті. Жарыс кезеңдері келесі түрлерден тұрды: Шабуыл сатысымен 2 қабат терезесіне көтерілу, өрт сөндіргішпен эстафетасы, өрт киім-кешегін кию, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету. Жарыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды «№49 ОМ» КММ, екінші және үшінші орындарды «№5 ОМ» КММ иеленді.

Жарыстың негізгі мақсаты: төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс мінез-құлық дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және Ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі