
Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, 2022 жылғы 22 сәуірде Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында бейнебайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментінің Жеке құрам бойынша инспекциясы басқармасының бас маманы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Ибрагимұлы Тоқболатовтың қатысуымен Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау туралы» тақырыбында семинар-кеңесі өткізілді.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде және азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы құқық бұзушылық статистикасы жеткізілді, сондай-ақ жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларына нақты бағыт берілді.
Алматы облысы ТЖД Кадр саясаты басқармасы