Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу  және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті

Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның 2022 жылға 20 сәуірде жоспарға сәйкес Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.М. Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.

          Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. Сырғыма, сел қаупі кезеңіне іс-шараларды ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және іске асыру;
  2. Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын даярлау туралы;
  3. 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңде Алматы облысының орманды дала аумақтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралар және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құруын толық көлемде іске асыру мәселесі туралы.

         Жоғарыда көсетілген үш мәселе бойынша отырыс қорытындысында аудан және қала әкімдеріне, облыстық департамент, басқарма басшыларына және орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты  тапсырмалар берілді.

 

 

Алматы облысы ТЖД

баспасөз қызметі