2022 жылдың 19 сәуір күні Алматы облысы ТЖ департаментінің төрағалығымен Талдықорған қаласы ТЖ басқармасы, Алматы облысының Өрт-құтқару спорты федерациясымен бірлесіп «Жас құтқарушылар» жасағының мүшелері арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты: төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс мінез-құлық дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және Ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру.
Жас құтқарушылар жасақтарын дайындау жүйесінде өрт-құтқару спорты маңызды орын алады. Ол балалардың бойында ептілік пен шыдамдылықты дамытады, батылдық пен ерлікті дамытады, өрт сөндіру жағдайында жылдам бағдарлау дағдыларын тәрбиелейді.
Жарыс төрағасы - Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник И.Е. Жуков жарысты ашып, барлық қатысушыларды олардың басталуымен құттықтап, оларға үлкен табыстар мен жеңістер тіледі.
Жарысқа Талдықорған қаласының 18 мектебінің жас құтқарушылары қатысты.
Жарыс 4 кезеңде өтті. Жарыс кезеңдері келесі түрлерден тұрды: Шабуыл сатысымен 2 қабат терезесіне көтерілу, өрт-техникалық жабдықтарды жауынгерлік өрістету, 4х80 метр құраййтын өрт эстафетасы, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету.
Жарыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды «№8 ОМ» КММ, екінші орынды «№5 ОМ» КММ, үшінші орынды «№21 ОМЛ» КММ иеленді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі