2022 ЖЫЛДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА СТАЦИОНАРЛЫҚ ӘДІСПЕН АЛҒАШҚЫ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

2022 ЖЫЛДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА СТАЦИОНАРЛЫҚ ӘДІСПЕН АЛҒАШҚЫ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша білім мен іскерлікті, төтенше жағдайларда іс-қимыл дағдыларын, өзін-өзі құтқару және өзара көмек көрсетудің негізгі тәсілдерін үйрету мақсатында жыл сайын басқару органдарының басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін оқытуды жүзеге асырады.

2020-2021 жылдар аралығында карантиндік іс-шараларға байланысты сабақтар онлайн режимінде өткізілді. Алайда, елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жеңілдеуіне байланысты, ағымдағы жылы курстар Департамент базасында өткізілуде.

Облыс әкімімен бекітілген Азаматтық қорғау саласында тыңдаушылармен толықтыру және оқыту жоспарына сәйкес 2022 жылдың сәуір айының 11-і мен 18-і аралығында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдері және олардың орынбасарлары» санаты бойынша сабақтар өткізілді.

Оқу аяқталғаннан кейін қорытынды тестілеу өткізілді. Оқудан өткен және қорытынды тестілеуді көрсеткіштері қанағаттанарлық, жақсы және өте жақсы тапсырған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

 

Азаматтық қорғаныс басқармасы