
Алматы облысы "Қазгидромет" РМК филиалының ауа райы болжамы бойынша:
2022 жылғы 13 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Облыс бойынша: түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, күндіз облыстың шығысында азадаған жаңбыр, найзағай. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с, облыстың солтүстік-шығысында 18-23, екпіні 29 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 4, күндіз 19-24, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 16 градус жылы.Талдықорған қ.: көшпелі бұлтты, түнде және таңертен жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 градус жылы. |
Облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с, Алакөл көлі аудандарында 17-22, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, солтүстікте және таулы аудандарда 4, күндіз 17-22, солтүстікте және таулы аудандарда 13 градус жылы, 15 сәуірде түнде 6-11, солтүстікте және таулы аудандарында 2, күндіз 20-25, солтүстікте және таулы аудандарында 16 градус жылы.
«Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме: https://www.kazhydromet.kz/ru.
|
|
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі