Шомылу маусымына дайындық

Шомылу маусымына дайындық

2021 жылы облыстың су айдындарында шомылуға белгіленбеген (тыйым салынған) жерлерде 59 адам қаза тапты, оның ішінде 17 бала (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 45 адам, оның ішінде 16 бала). Шомылу маусымы кезеңінде 45 адам, оның ішінде 12 бала (2020 жылдың ұқсас кезеңінде 36 адам, оның ішінде 14 бала).

Осыған байланысты, Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылы жазатайым оқиғаларды және адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық іс-шараларын жүргізуде.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан мамыр айына дейін құтқарушылармен оқытылған құтқару техникасымен жабдықталған ведомстволық құтқару бекеттерін ашу қажеттілігі бойынша демалыс аймағының иелерімен жұмыс жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, қоғамдық орындарда судағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, белсенді профилактикалық жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау бойынша ұйымдастырылады.

Алдын алу іс-шараларын өткізу үшін Департамент 10 мың дана үгіт-насихат материалдарын (жадынамалар, буклеттер) дайындады. Департаменттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдарға үгіт-насихат материалдарының 30 мың данасына өтінім берді.

2022 жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 2 млн.240 мың теңгеге 56 мың 010 дана үгіт - насихат материалдарын (брошюралар - 56000, баннерлер-10) сатып алуға қосымша қаржы қаражаты бөлінді.

"Тұран ТВ" телекомпаниясымен облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша "Жетісу", "Тұран ТВ", "СТВ", "Almaty" телеарналарында телехабарлар дайындау және трансляциялау үшін жалпы сомасы 1 млн 800 мың теңгеге шарт жасалды.

Департаменттің жедел-құтқару жасағымен су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін 40 жүзу құралы (2 катер, 13 ескекті және 25 металл қайық), 45 бірлік сүңгуір жабдығы мен жарақ, құтқару құралдары (құтқару шеңберлері мен кеудешелері, "Александров жібі") автономды жұмысты қамтамасыз ету үшін азық-түлік және жанар-жағармай материалдарының 14 тәулікке жететін қоры құрылды.

Жедел әрекет ету және үш ірі су айдындарында (Қапшағай су қоймасы, Алакөл көлі, Балқаш көлі) адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін құтқару бөлімшелері мамыр айынан бастап қосымша 5 мобильді бекет (Қапшағай су қоймасында – 2 бекет, Алакөл, Балқаш көлдерінде және Талдықорған қаласының қалалық жағажайында 1 бекеттен) қояды.

Шомылу үшін рұқсат етілген орындарды 11-ден 105-ке дейін ұлғайту, нақты иелеріне бекіту бойынша жұмыс жүргізілді. Табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындарын бекіту жөніндегі қаулы мүдделі органдармен келісу сатысында.

          Су қателіктерді кешірмейді! Судағы тәртіп ережелерін сақтау сізге қауіпсіз және жағымды демалысты қамтамасыз етеді, Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтайды.

          Алматы облысының ТЖД азаматтардан төмендегі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға мас күйінде кірмеңіз;

- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз. Суда жүзушілерді ұстап алумен байланысты тентектікке жол бермеңіз;

- Қатты ағысы бар, тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктермен толып жатқан жерлерде шомылмаңыз;

- Күшті толқынмен күреспеңіз. Оны жағаға жақындату үшін қолданыңыз. Ешқашан бұрылыстарға жүзуге болмайды;

- Салқындамаңыз және қызып кетпеңіз. Егер судың температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз;

- Жүзу тақталарын, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз;

- Жағадан алыс жерде үрлемелі матрастарда немесе камераларда жүзбеңіз;

- Балаларға суға түсуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;

- Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі