
2022 жылғы 9 сәуір түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖД-не Талдықорған қаласында 1989 жылы туған ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келгені және өті барысында өзеннің ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту орнына келген бойда көліктің Қаратал өзенінің ортасында 1.5 - 2 метр тереңдікте тұрып қалғанын, көліктегі адам көліктің төбесіне шығып алғанын анықтады.
Құтқарушылар құтқару арқанының және құтқару кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек ерге қажет емес еді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі