«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті.

«Jetisymedia» ақпараттық алаңында «өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті.

 2022 жылғы 8 сәуір күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі және автокөліктегі өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Кубрак Алексей Игоревич және Қаратал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Кенесов Ерназар Серікұлы сөз сөйледі.

Бірінші спикер – Алексей Игоревич атап өткендей, 2022 жылдың басынан бері Алматы облысының аумағында орман қоры аумақтарында орын алған 2 өрт тіркелді, өрттің себебі, шөптің жануынан өтуі болды, ауданы шамамен 10 Га құрайды. Сондай-ақ, 2022 жылдың наурыз айынан бастап облыс аумағында 30 гектардан астам алаңда құрғақ шөптің жануының шамамен 50 (2021 ж. - 65) жағдайы тіркелді, оның ішінде елді мекендерден тыс жерлерде (дала алқаптарында) 25 гектардан астам алаңда (2021 ж. - 50) 30-дан астам жану (2021 ж. - 25) орын алды. Статистика бойынша көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде болған өрттердің 90% - дан астамының себептері құрғақ шөпті жағу, құрылыстардың жанында қоқысты жағу, сөндірілмеген темекінің қалдығынан және балардың отпен ойнауы болып табылады. Желді ауа-райындаөрт құрғақ шөппен тез таралады, өрттің таралу жылдамдығы ондаған есе артады, әртүрлі ғимараттарға, көліктерге, саяжайлар мен бақша үйлеріне өтіп, үлкен материалдық зиян келтіреді және адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Сонымен қатар, от еліміздің ұлттық байлығына - бірегей орман алқаптарына үлкен қауіп төндіреді. Алматы облысы ТЖД орман-дала өрттерін жою үшін дайындалған ресурстарға қарамастан, өртті сөндіруден гөрі оны алдын алған дұрыс екенін ұмытпауды сұраймыз.

Екінші спикер – Ерназар Серікұлы былай деді, Қаратал ауданының төтенше жағдай бөлімі аудан аумағында көлік құралдарындағы өрт жағдайы байқалатынын хабарлайды. 2022 жылдың бірінші тоқсанында автокөлік техникасының 1 өрті оқиғасы тіркелді, оның себебі мотор бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады, 2021 жылы 5 өрт болды, оның ішінде 4 жағдай мотор бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады, 1-өрт оқиғасы қасақана өрт қою себебінен болған. Автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша, орта есеппен, жыл сайын Қаратал ауданының аумағында 5-ке жуық өрт болады. Сондай-ақ, "автовокзал" ғимаратында жолаушылар автокөлігінің жүргізушілерімен және Үштөбе-Талдықорған автотрассасының такси жүргізушілерімен «Қауіпсіз автокөлік» акциялары өткізіледі, Автокөліктегі өрттердін алдын алу туралы жергілікті «Қаратал» және «Бастау» газеттерінде, Қаратал ауданының әкімдігінде және Алматы облысының ТЖД сайттарында мақалалар шығарылады. Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік құралдарындағы өрттерді сөндіру тәртібі. Егер сіздің автокөлігіңізде өрт болған жағдайда бұл туралы дереу "101" телефоны бойынша өрт қызметіне немесе шұғыл қызметке "112" нөмірі бойынша хабарлау қажет (бұл ретте объектінің мекенжайын, өрттің шыққан жерін атау, сондай-ақ өзінің тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын хабарлау қажет). Егер автомобильдің жануы оның жабық үй-жайда (гаражда) болған сәтінде болған жағдайда, сөндіруді жүзеге асырар алдында оны ашық жерге шығару ұсынылады. Бұл үлкен материалдық залалды болдырмайды, сонымен қатар жабық кеңістікте жарылғыш ортаның пайда болу мүмкіндігін азайтады. Автомобильдерді қауіпсіз пайдаланудың маңызды талаптарының бірі көлік құралын пайдалану кезінде уақтылы техникалық қызмет көрсету және техникалық талаптарды сақтау болып табылады. Автомобильдердегі өрттердің себептері-жекелеген тораптардың, агрегаттардың, қолданылатын жанар-жағармай материалдарының өрт қауіптілігі туралы білімдердің болмауы, автомобильдерді техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалмауы және сақталмауы, уақтылы және толық техникалық қызмет көрсетілмеуі. Жеке көлік құралының әрбір иесінің жоғары жауапкершілігі, автомобильді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және уақтылы техникалық қызмет көрсету өрттің және өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайды.

Брифинг соңында спикерлер азаматтарды өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ автокөлікте қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Сондай-ақ спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі